Қоғам

Тоқаев ғылым саласын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства посетил Национальный центр биотехнологии
Глава государства посетил Национальный центр биотехнологии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаевтың айтуынша, ұлттық деңгейдегі мәселелерді шешіп, ғылымның әлеуетін арттыру жағынан ғылымды дамытатын арнаулы бағдарлама қажет

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласын дамыту үшін жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарынан 500 ғалымды тағылымдамадан өткізуді тапсырды.

Сонымен қатар, премьер-министрге жоғары оқу орындарының дипломын бизнеске айналдыру мәселесін шешу керек екенін айтты.

"Өткен жылы дипломды басып шығаратын жоғары оқу орындарын жабу туралы тапсырма бердім. Білім беру саласын бизнеске айналдырған кейбір ықпалды тұлғалардың қарсылығы кесірінен жұмыс қиын жүріп жатыр. Алайда, бұл мәселені шешу керек. Премьер-министр аталған мәселені ерекше бақылауға алуы қажет", – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ғылым саласын дамыту үшін тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек екенін атап өтті. Ал ол үшін халықаралық тәжірибеге арқа сүйеу қажет.

"Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін мың грант бөлуді тапсырамын", – деді Тоқаев.

Қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр

Айтуынша, ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе, шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты.  Алайда, олар тапқан табыстың 1%-ін ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр.

"Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оны бюджет арқылы жалпы ұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді", – деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: "Көшеде латынша жазуға әлі ерте": ғалым қазіргі әліпбидің кемшіліктерін атады

Айтуынша,  елімізді ғылыми жағынан дамытатын арнаулы бағдарлама қажет. Оның басты міндеті – ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге, ғылымның әлеуетін арттыру болады.

Жаңалықтар
0