НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полициясы жеті жасар баланың өліміне қатысты ақпарат таратты.
Тәртіп сақшылары 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол қара жамылған отбасының бұрынғы көршісі болып шықты, деп хабарлады КТК.
Жеті жасар баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бірнеше жерден пышақталған. Ресми мәлімет бойынша, бала зорланбаған.
"Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Ол Алтай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді өңірлік полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
ШҚО-да жоғалып кеткен 7 жасар бала ауыл маңынан өлі табылды: күдікті ұсталды
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай Алтай ауданының Зубовск ауылында болды. Бала аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстары кезінде оны әлдекімнің ертіп кеткені белгілі болды.
Полиция мен еріктілер, баланың туыстары қанша шарқ ұрып іздесе де, нәтиже болмаған. Араға күн салып оның мүрдесі ауыл маңындағы тоғайдан табылды.