Қоғам

Марғұлан Сейсембай Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуМихаил Саакашвили, архивное фото
Михаил Саакашвили, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық кәсіпкер Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінде реформалар мен заң жобаларының тиімділігін көтеру мәселесімен айналысады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгiннен бастап Михаил Саакашвилидің серiктесi болғанымды ресми түрде жариялаймын. Оған көмектесе жүріп, Украинаның келешегi мен абыройы үшін қызмет етемін! Қазақстаннан кетiп жатқан жоқпын. Екi елге қатынап жұмыс iстеймiн", - деп жазды Сейсембай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал Михаил Саакашвили қазақстандық кәсіпкерді өз аудиториясына таныстырды.  

"Қазақстандағы мыңдаған ауылдың бірінен шыққан қарапайым жігіт алпауыт бизнес-империяны жасай білді. Сөйтіп, мультимиллионер атанып, "Форбстың" ТОП-50 тізіміне енді. Марғұлан өмір бойы тыным таппай еңбек етті. Соның арқасында үлкен табысқа жетті. Өз елінде ғана емес, шетелде де инвестициялық бизнестің аңызына айналды", - дейді Саакашвили.

Ол Марғұлан Сейсембай соңғы жылдары қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүргенін атап өтті. Атап айтқанда, посткеңестік еледерді реформалау мәселелерімен айналысып келеді.

"Марғұлан Сейсембайдың бүгіннен бастап Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінің қызметі жөнінде ресми әріптесім болатынын қуана хабарлаймын", - деп толықтырды экс-президент.  

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкер реформалар мен заң жобаларының тиімділігін көтеру мәселесіне жауап береді. Сондай-ақ, кеңсенің халықаралық қызметімен айналысады.

Оқи отырыңыз: Саакашвилидің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды  

Айта кетейік, 2013 жылы Михаил Саакашвили Грузиядан кетіп қалған. Сол кезде оған қатысты төрт қылмыстық іс қозғалған болатын. Оны сырттай соттап, қамауға алуға шешім шығарған.  

2015 жылы Саакашвили Украинаға келді. Петр Порошенко оны Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындады. Алайда бір жылдан кейін бұл қызметтен алып тастады. Ал 2017 жылы Украина азаматтығын қайтарып алды.  

2019 жылы 28 мамырда осы елдің жаңа президенті Владимир Зеленский Саакашвилиге қайтадан азаматтық беріп, реформалар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы комитетінің басшылығына тағайындады.

Жаңалықтар
0