Қоғам

Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылады

CC0 / pixabay.com / Купание ребенка, иллюстративное фото
Купание ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев елдің отбасылық-демографиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді. Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырады. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 20 проценті мұны ажырасудың басты себебі деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстан халқының өсуіне қатысты болжамы көңіл көншітпейді", - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала асырап алу үшін не істеу керек? 

Осыған байланысты ол үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Сонымен қатар ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.

Жаңалықтар
0