Әлем

АҚШ-та айрықша эксперимент жүргізілуде: нәтиже қалай болуы мүмкін

© REUTERS / JONATHAN BACHMANМассовые протесты в США
Массовые протесты в США - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та қазіргі кезде айрықша эксперимент жүріп жатыр. Ал оған барлық америкалық сайлаушылар қатысуда

Эксперимент мәні: сайлаушыларға саяси ақиқаттың екі нұсқасы ұсынылады. Мейнстримдік БАҚ, Демократиялық партия саясаткерлері, голливудтық жұлдыздар, NBA спортсүйер жанкүйерлері ұсынатын ресми нұсқаға сәйкес, АҚШ-та полиция қысымы мен нәсілшілдік пен әлеуметтік әділетсіздікке қарсы бейбіт наразылық жүріп жатыр. Ал БАҚ, миллионер спортшылар мен жұлдыздарға сенбейтін америкалықтардың өздері куәсі болып отырған ақиқатқа негізделген нұсқа бойынша қазір Құрама Штаттарда жаппай тәртіпсіздік орын алып, наразылық білдірушілер дүкендерді өртеп, жолаушыларды соққыға жығып жатыр. Демократиялық партия өкілдері болса, бұл іске полицияның араласпауын талап етіп отыр, деп жазады РИА Новости.

Микрофоны во время переговоров по Сирии - Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың ресейлік үгіт-насихат әдісін "әшкерелеуінің" астары қандай?
Мұндай жағдайда Демократиялық партия мынадай логикаға сүйеніп отырғаны байқалады: вандализм мен дүкендерді тонауға кіріскен қарсылық акциясына қатысушыларды полицияның күшімен таратып жіберуге болмайды. Себебі, "бейбіт наразылық білдірушілер" демпартияның саяси активтерінің бірі. Екіншіден, "қарсылық акциялары" Трампты жақтаушылар келешекте физикалық күш көрсетуден қорқып, қазіргі президентке дауыс беруден айнуына ықпал етуі керек.

Сонымен қатар, Демократиялық партия және оның радикалды бөлігі Трамп пен америкалық полицияны нәсілшілдік пен ұлтшылдыққа себепші ретінде ашық айыптауға кірісті. Сондықтан, олар полицияға қолдау көрсете алмайды. Әйтпесе, Байден ақымақтың кейпіне еніп, жергілікті полиция департаменттерінің бюджетін қысқартумен қатар, өкілетті органдарды таратып жіберген мэрлер мен губернаторлар ақымаққа қолдау көрсеткендер бейнесінде қалып қою қаупі бар. Негізі, ғаламшардағы ең қуатты медиалық машина және "бейбіт наразылық білдірушілер" деген терминді ойлап тапқан ықпалды азаматтар Байден штабының бақылауында тұрғанын да ескерген жөн.

Сол себепті дүкендер, дәмханалар мен жанармай құю орындарының иелеріне қатысты орын алған зорлық-зомбылықты сынап-мінеу кезіндегі тым формалды әдісті осы арқылы түсіндіруге болады. Оның үстіне, Байден науқанына қолдау көрсетіп отырғандардың ішінде бірқатар беделді ресми тұлғалардың бары да өз ықпалын жасап отыр. Олардың ойынша, теледидар мен әлеуметтік желілерге бақылау жасайтын адамдар ақиқатпен санаспауына болады.

Трампты шынайы жек көретін кейбір журналистердің өзі осы тектес пікір білдірген:

Америкалық саяси күштер АҚШ-тағы наразылықты қалай пайдаланып жатыр - Sputnik Қазақстан
Видео
Америкалық саяси күштер АҚШ-тағы наразылықты қалай пайдаланып жатыр
"Кеношидің көзге түсе бермейтін мэрінен бастап президенттік сайлауға қатысып жатқандарға дейінгі демократиялық көшбасшылар оңшыл істі қаралағысы келмейді. Сондай-ақ, республикашылдардың айыптауы күшейіп, өзінің электоратты базасының қаһарына ұшырап қалуымыз мүмкін деп те сескенеді. Сондықтан, демократтар зорлық-зомбылыққа қатысты пікірді барынша жұмсартуға тырысып, бұл оқиға өздігінен бәсеңдейді деп үміттеніп отыр. Алайда, тәртіпсіздіктер жаздан бері жалғасып келеді. Кейбірін есепке алмағанда, БАҚ жаздағы оқиғаларды және озбырлықтарды жариялауға құлықсыз болды. Тіпті, The New York Times-тің өзі бұл наразылықтардың мәнін апталап елемей келді".

Қазір "Правый сектор"* және Украинадағы осы тектес ұйымдардың әдісімен Трампты жақтаушыларды сайлау алдында қорқытып-үркітіп, өз байсалдылығын сақтаған қалпы берік ұстанымды көрінуге дәмелі болған Демократиялық партияның бұл жоспарынан ши шықты. Ақиқатты жеңуге қауқарлы медиаляқ шынайылықты қолдан жасау жөніндегі эксперимент ақыры негативке толы болатын сыңайлы.

Қазірдің өзінде Трамптың көптеген жақтастары қызметтегі проблемалар немесе оларға қатысты зорлық-зомбылық қаупінен қорқып, әлеуметтік қызмет өкілдерімен сөйлесуден немесе әлеуметтанушылардың сұрақтарына шынайы жауап беруден бас тартса да, негізгі штаттардағы сауалнамалар оның жанашырлары көбейіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Мейнстримдік журналистер шағымданып отырған "дүрбелең" осы.

Бір қызығы, 2016 жылы Хиллари Клинтонның жеңісіне кепілдік берген әлеуметтанушылардың мейнстримдік болжамдары мен математикалық модельдері осы жолы да бірауыздан Джо Байден жеңіске жетеді дегенді айтып отыр. Алайда, қоғамдағы жағдайды бұрмалау мен елемеу демократтар үшін күтпеген негативті нәтиже алып келуі мүмкін.

"Жердегі" ақиқаттан алшақ кеткен кейбір жуналистер мен сарапшылар өртке оранған әрбір дәмхана мен дүкен Трампты қолдауға бағытталған қуатты үгіт-насихат екенін ұғынбай отырса керек. Ал бүлікшілер мақсатты түрде этникалық азшылдарға тиесілі нысандарды бүлдірген кезде сайлаушыларды вандалдардың ниеті бейбіт шеру екеніне және әлеуметтік әділеттік үшін күресіп жатқанына сендіру тіпті мүмкін болмайды. Бұл NBA-ның барлық жұлдыздары қосылып, CNN арқылы мәлім етсе де екіталай болмақ.

АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздіктер  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
АҚШ-тағы наразылық кезінде қазақстандықтың көз жұмғаны рас па – министрлік жауабы
Миннеаполисте күлі көкке ұшқан вьетнам дәмханасының иесі Юм Нгуен журналистермен өз көңіл-күйімен бөлісті:

"Тонаушылардың біздің отбасылық асханамызды қиратып жатқанын көру жанымызға жара салды. Олар мұны миығынан күле жүріп жасады. Жасырмаймын, бүгін мен адам өлтіріп қоя жаздадым. Себебі, ол қолына тас алып, оны менің отбасыммен түскен фотосуретке лақтырды да, менің көзіме тік қарады. Көзімнен қалайша жас ыршып шыққанын байқамай қалдым. Мен мұндай әрекеттерге бұдан әрі шыдай алар емеспін..."

Егер аталған дәмхана иесі Миннеаполистегі бүлікшіге оқ атса, бұл өзін-өзі зынданға тастаумен бірдей болар еді. Себебі, Миннеаполис демократиялық партияның бақылауындағы қала мен штат болып табылады. Алайда, осы тектес орын алып жатқан америкалық сегменттің әрқайсысы да Трамп үшін дауыс беруге дайын көңіл-күйде екенін аңғару қиын емес. Бұл жеткіліксіз болса, олар өз өмірі мен мүлік құқығын қолына қару алып талап етуге дайын.

Осы айтылғандардың барлығының негізінде екі маңызды қорытынды жасауға болады. Біріншісі: медиа шектен тыс қуатты емес. Сондықтан, медиалық насихатты ақиқатты жасыру мақсатында қолданудың соңы медиаға деген сенімге селкеу түсуіне алып келуі мүмкін. Екіншісі әрі әлдеқайда маңыздысы: егер, америкалық элита қарапайым халықтың мазасын қашыратын бүлікшілер арқылы қарым-қатынасты анықтауға тырысса, онда қоғам назарында бақылауында ядролық қаруы мен әлемдік қаржы жүйесінің негізгі элементтеріне басшылық ететін "бантустан" іспеттес ел тұр.

Ал оған АҚШ-тың өзге мемлекеттер үшін үнемі ұсынатын қауіп-қатер көзқарасы бойынша қараса, бұл алаңдататын конфигурация болып табылады.

* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар басқа елде тыйым салынған экстремистік ұйым

Жаңалықтар
0