Өңірлер

Жұрттың көзінше атып тастады: желіде Мойынқұмда түсірілген видео талқыланып жатыр

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мойынқұм ауылының 27 жастағы тұрғыны өзін соққыға жыққан жігітті мылтықпен атып өлтірді. Қанды оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында екі ер адам ерегісіп, соңы төбелеске ұласқан. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.  

Азық-түлік дүкенінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған видеодан ер адамның көлік жүргізушісін ұрып жатқанын көруге болады. Көліктегі адам алға жүріп барып тоқтап, қару ұстап шығады. Осы кезде оны соққыға жыққан ер адам жақын тұрған көліктің артына тығылады. Бірақ екінші рет атылған оқтан сұлап түседі.

Оқи отырыңыз: Түркістанда бір көзінен айырылған әйелдің жеңгесі оқиғаның қалай болғанын айтты   

Ішкі істер органдары таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнында Қылышбай ауылының 26 жастағы тұрғыны көз жұмған.

"Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары кезінде Мойынқұм ауылының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады", - деп жазды Polisia.kz.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр. Одан 20-калибрлі қару тәркіленді. Қылмыстық кодекске сәйкес, адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0