Қоғам

42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтінім қабылдау аяқталып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевТелеграм-бот по выплате 42 500 тенге
Телеграм-бот по выплате 42 500 тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
31 тамыз – 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік төлем тағайындауға өтінім қабылдаудың соңғы күні

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштер қабылдау аяқталады.

Төлем 2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалады. 

2,4 миллионға жуық қазақстандық 42 500 теңге әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 2 миллион 384 мың адам тамызда карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының жартысы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

"2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-дан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантинді ұзартуға байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Алғаш рет өтініш бергендерге төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшері немесе 63 750 теңге мөлшерінде тағайындалады (42 500 + 21 250 теңге)", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"1 қыркүйекке дейін, яғни 31 тамыз өтініш қабылдаудың соңғы күні деген сөз", - деп нақтылады ведомство Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Өтінішті Egov.kz, 42500.enbek.kzпорталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады.

42 500 теңгеге кім өтініш бере алады:

  • жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер;
  • карантин шараларының күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін.
Жаңалықтар
0