НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Конституция күніне орай Instagram-дағы парақшасында 25 жыл бұрынғы видеоны жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы республикалық референдум өтті.
"Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, отандық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді", – делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал бір аптадан соң, 1995 жылы 6 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияның ресми таныстырылым рәсіміне қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Ким "1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға дауыс беру нәтижелері туралы" қаулыны оқып, Назарбаевқа еліміздің жаңа Ата Заң мәтінінің түпнұсқасын тапсырды.