Қоғам

Министрлік Бекшиннің 800 бала пневмония жұқтырды деген ақпаратын жоққа шығарды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуУсиление санитарного контроля в аэропорту Внуково в связи с коронавирусом
Усиление санитарного контроля в аэропорту Внуково в связи с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
27 тамызда болған онлайн-брифингте Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 806 балада пневмония анықталып, ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Алматыда өткен эпидемиологиялық маусымда (2019 жылдың қазан және 2020 жылдың наурыз аралығында) 14 жасқа дейінгі 189 бала пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

27 тамызда болған онлайн-брифингте Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 806 балада пневмония анықталып, ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген болатын.

"Брифингте тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтау шаралары сөз болды. Жедел респираторлы вирустық инфекция, тұмау және алдағы уақыттағы тұмауға қарсы вакцинация мәселесі талқыланды. Пневмониямен ауруханаға түскендердің жалпы саны - 800, оның 189-ы 14 жасқа дейінгі бала", - деп түсіндірді Байтанаев.

Сондай-ақ, брифингте Бекшин Алматыда тұмауға қарсы екпе салу үшін 300 мың доза вакцина алынатынын айтқан еді. 

Әдетте елде тұрғындарға екпе салу қазан-қараша айларында жүзеге асырылады. Бұл уақытта адам ағзасы иммунитет қалыптастырып үлгереді. Адамның тұмаумен қатты ауырмауына сеп болады.

Жаңалықтар
0