Өңірлер

Атырауда телефон арқылы бопсалауға ұшыраған әйел өз-өзіне қол жұмсады

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Марқұмның туыстары сот төрелігі оның әпкесін азаптаушыдан қорғай алмағанына наразы және басқа да әйелдер оның құрбаны болуы әбден мүмкін деп алаңдайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Атырауда жас келіншек бопсалаушылардың құрбанына айналды. Түркістандық ер адам ажырасқан әйелмен қарым-қатынас орнатып, сеніміне кіріп, сезімін жеткізген сыңай танытады. Кейіннен ұятты суреттерін әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытып, ақша талап ете бастаған.

Бәрі әлеуметтік желіден басталған

Атыраулық әйел жырасқаннан кейін, балаларын өзі тәрбиелеп, өсіріп жүрген. "ДругВокруг" әлеуметтік желісінде ол Түркістан тұрғынымен танысып, хат алмасып тұрған. Оның ойынша екеуара сезім оянған.

Өткен жылдың желтоқсан айында ер адам Атырауға келіп, әйелмен бірнеше күнді бірге өткізген. Марқұмның туыстары күдікті интимдік суретке түсіру үшін оның тамағы мен сусынына бір нәрсе қосып жіберген деп күдіктенеді. Өйткені, әйел өте қарапайым адам болған және бұлай суретке түсуге батылы жетпес еді деп тұжырымдайды.

"Ол ұйықтап жатқанда әлгі "досы" оны суретке түсіріп қана қоймай, телефонында сақталған барлық нөмірлерді көшіріп алған. Содан кейін ол суреттерді таратпау үшін ақша талап ете бастаған. Әйелдің табысы аз – шамамен 50 мың, ал ол бірден 100 мың немесе 200 мың теңгеден талап еткен", – деп жазады жергілікті "Ақ жайық" басылымы.

Әйел мүмкіндігі жеткенше төлеп келген. Ұзақ уақытқа дейін туыстары бұл жағдайдан хабарсыз болған. Тек, ақша төлей алмағанда телефонына тынымсыз келе берген қоңыраудан күдіктене бастаған. Бопсалаушы түн ішінде, тіпті, мас күйінде және әртүрлі нөмірлерден телефон шалған. Сондықтан да ол бөтен нөмірден қоңырау шалынса жауап бермей, түнде телефонын өшіріп қойып жүрген. Мұндай қысымды көтере алмаған әйел сотқа жүгінеді.

Заңның солқылдақтығы

Бұл іс бойынша айыпталушының тегі ашық дереккөздерде қолжетімді. Белгілі болғандай, сотта бопсалаушы кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін білдірген. Ол кешірім сұрап, енді мұндай әрекет қайталанбайды деп уәде берген. Сот Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("бопсалау") бойынша оның бас бостандығын екі жылға шектеуге үкім шығарған.

"Қалай екенін білмеймін, бопсалаушы Атыраудан – алдымен Түркістанға, кейіннен Қызылордаға кеткен. Бір қызығы, әпкемнің телефонына хабарласып, әбден мазасын алады. Балағаттап, ақша талап етуін қайта жалғастырған", – дейді марқұмның сіңлісі Айгүл.

"Бізге де телефон соғып, айтпағаны жоқ. Тіпті, тағы бір туысымызды бопсалады. Мүмкін, бұл оның жалғыз құрбаны емес шығар. Бәлкім, біреу әлі күнге дейін оның әрекетінен зардап шегіп жүрген болар. Біз әпкемізге полицияға қайтадан жүгінуге кеңес бердік. Ол арыз беріп, тергеуші істі сотқа жіберді. Бірақ сот оның жазбаша өтініші болмағасын істі қарамаған", – дейді Айгүл.

Тергеушінің табансыздығы

Марқұмның туыстары әйел қайтыс болғаннан кейін тергеушіден өтініш жазғызу туралы неге ескертпегенін сұраған. Ал тергеуші зардап шегушіге қоңырау шалғанда, ол қоңырауға жауап бермегенін айтқан.

"Өйткені, ол бөтен нөмірден түскен қоңыраулардан қатты қорқып қалған болатын. Тергеуші оған хабарлама жазып жіберуі керек еді... Әпкем азаптаушымен сөйлесіп жатқан күйде, асылып қалған. Ал оның асылып тұрған күйіне тап болғанымызда телефонның арғы жағындағы дауыс әлі де боспасалап, айқайлап жатты", – дейді Айгүл.

Оқи отырыңыз: "Ол алдау емес": Нұрлан Қоянбаев қыздарға өтірік айтатын жігіттерді ақтап шықты

Марқұмның туыстары сот төрелігі оның әпкесін азаптаушыдан қорғай алмағанына наразы және басқа да әйелдер оның құрбаны болуы әбден мүмкін деп алаңдайды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалып, күдікті адамның орналасқан жері анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0