Оқиға

Солтүстік Қазақстанда бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиПожар в Северном Казахстане унес жизни четырех человек
Пожар в Северном Казахстане унес жизни четырех человек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін тұрғын үй мен аула іші, монша мен қосымша ғимарат толығымен отқа оранған

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан бір отбасында тұратын күйеуі мен әйелі және олардың ұлы мен төрт жасар немересі қайтыс болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.

Айтуынша, 29 тамызда таңғы сағат 4-те облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 басқару пультіне Есіл ауданының Ильинка ауылында тұрғын үй мен оған жапсарлас салынған қосалқы құрылыстар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Есіл ауданындағы Явленка ауылының өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдары жіберілді. Алайда, өрт сөндірушілер оқиға орнына таңғы сағат 5-те (ауылға дейінгі қашықтық 42 шақырым) келген кезде тұрғын үй мен аула іші, монша және қосымша ғимарат толығымен отқа оранған. Тіпті, үйдің шатыры мен қабырғалары да құлап үлгерген.

Тілсіз жауды ауыздықтауға "Илинское" ЖШС-нің өрт сөндіру бекеті де қатыстырылды. Өрт сөндіру техникалары оқиға орнынан 3 шақырым қашықтықтағы су мұнарасы арқылы қамтамасыз етілген.

"Өртті сөндіру нәтижесінде бір отбасының төрт мүшесі – 1969, 1992 жылы туған ер адам мен 1969 жылы туған әйел және 2016 жылы туған қыздың мәйіті табылды", – деді Атығаев.

Жалпы ауданы 188 шаршы метрді құраған өртті сөндіруге 13 адам мен 4 техника және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 398 өрт тіркеліп, 36 адам қайтыс болды. Оның бесеуі балалар.

Оқи отырыңыз: "Астана опера" театрында қойылым кезінде өрт шықты

Жаңалықтар
0