Қоғам

Жаңа оқу жылында оқушылар үшін сабақ 30 минуттан аспайды

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім платформалары қашықтан оқыту форматында 30, 35, тіпті 40 балаға дейін қамтуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қашықтан оқыту кезінде бір сабақтың ұзақтығын 30 минуттан асырмауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Кезекші сыныптарда сабақтың ұзақтығы - 40 минут. Онлайн режимде  – 15 минуттан 30 минутқа дейін. Өйткені балаларға бүкіл сабақ бойы мұндай режимде отыру өте қиын. Әдістемелік ұсынымдарда дәл осындай уақыт айқындалған", деді Қадырова онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, білім платформалары қашықтан оқыту форматында 30, 35, тіпті 40 балаға дейін қамтуға мүмкіндік береді. 

Қадырова кезекші сыныптарға баратын оқушыларға масканы ата-аналар өз ақшасына сатып алатынын айтты. Ал мұғалімдерді қорғаныш құралдарымен білім беру ұйымдары қамтамасыз етеді. 

Айта кетсек, биыл Қазақстанда жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Десе де, бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады. Нұр-Сұлтан мектептерінде бірінші қыркүйектен осындай 3002 кезекші сынып жұмыс істейді. 

2020-2021 оқу жылында астанада 202 мыңнан астам оқушы білім алады деп болжанып отыр. 26 мыңнан астам бүлдіршін 1-сыныпқа барады.

Жаңалықтар
0