Саясат

Орталық сайлау комиссиясы сенаттың жаңа депутаттарын тіркеді

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент сенатының отырысы
Парламент сенатының отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламент сайлауының қорытындысы бойынша республиканың әр өңірінен он жеті жаңа депутат сайланып, тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы сенаттың жаңа депутаттарын тіркеді.

Парламент сайлауы 12 тамызда өткен еді. Саяси додада елдің әр өңірінен 17 депутат іріктелді.

"2020 жылы 12 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан парламенті сенатының депутаттарын тіркеу туралы қаулы қабылданды", - деп мәлімдеді ОСК мүшесі Серік Сыдықов.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етті.

Тағы оқыңыз: 1 қыркүйекте Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

"Сенат депутаттарын сайлау бойынша науқанның соңғы отырысы тәуелсіз Қазақстанның Негізгі заңы – Конституцияның 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Бұл науқан ерекше, өйткені ол пандемия кезінде өтті", - деді Имашев.

Енді жаңа сенаторлар бірінші қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысына қатыса алады.

Парламент сенатының депутаттығына 46 кандидат үміткер болды. Сайланған  17 депутаттың бесеуі – әйел, он екісі – ер адам. Халық қалаулыларының орташа жасы – елу бес жарым жас.

Жаңалықтар
0