Саясат

Тоқаев Әбдіровті сенат депутаты етіп тағайындады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әбдіров 2016 жылдан бастап бүгінге дейін алтыншы сайланған мәжілістің депутаты, заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Әбдіровты сенат депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұрлан Әбдіров туралы не білеміз

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

  • 1987-1997 жылдары - ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары;
  • 1997-2000 жылдары - есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның хатшысы;
  • 2000-2001 жылдары - нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2001-2002 жылдары -әділет министрлігі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2002-2005 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, хатшылық меңгерушісінің орынбасары;
  • 2005-2009 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - хатшылық меңгерушісі;
  • 2009-2011 жылдары - төртінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты;
  • 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап - бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты;
  • 2016 жылдың 25 наурызынан бүгінге дейін - алтыншы сайланған парламент мәжілісінің депутаты, заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

"Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған.

Үйленген, екі баласы бар.

Жаңалықтар
0