Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
29 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Кіші Талдыкөл көлінің аумағында сенбілік. Сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қаланың ерікті тұрғындары шақырылады. Іс-шара экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының қолдауымен өтеді.
16.00 – Еңбек сіңірген медицина қызметкері Нұрлан Батпеновті еске алуға арналған көрме (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).
30 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 – "Конституцияның құрылымы мен тарихы" онлайн-экскурсиясы (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).
1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 – Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы.
11.00 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
2 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI конгресі. Конгресте соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, ұйымның алдағы бес жылдағы жұмысының басым бағыттары айқындалады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында өтеді (Д.Қонаев көшесі, 4) және мына сілтеме бойынша онлайн режимде таратылады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: +7 701 254 63 59, +7 701 125 49 11, e-mail: evraziyatranscom@mail.ru, zenyamussabay@gmail.com).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.