НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Республика бойынша өткен тәулікте 165 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"COVID-19 індетін жұқтырғандардың ішінде 54 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
- Нұр-Сұлтан қаласы - 14 / 4
- Алматы қаласы - 26 / 4
- Шымкент қаласы - 2 / 1
- Ақмола облысы - 9 / 5
- Ақтөбе облысы - 2 / 2
- Алматы облысы - 2 / 2
- Атырау облысы - 9 / 2
- Шығыс Қазақстан облысы - 26 / 4
- Жамбыл облысы - 3 / 1
- Батыс Қазақстан облысы - 10 / 6
- Қарағанды облысы - 19 / 6
- Қостанай облысы - 10 / 0
- Маңғыстау облысы - 3 / 3
- Павлодар облысы - 7 / 5
- Солтүстік Қазақстан облысы - 12 / 1
- Түркістан облысы - 11 / 8.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 індетіне шалдыққандар саны – 105 408 адамға жетті.