Өңірлер

Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен әйел өлі табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің денесі кешке перинаталды орталықтың маңында табылды. Ол өз-өзіне қол салған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды

КӨКШЕТАУ, 28 тамыз — Sputnik. Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен әйел өлі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желілерде із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің суреті жарияланған болатын. Еріктілер ол перзентханадан халатпен шығып кеткенін хабарлады.

Кейін 36 жастағы Көкшетау тұрғынының денесі табылды.

"27 тамызда кезекші бөлімге перинаталды орталық бөлімшесінің дәрігерінен хабар түсті. Сағат 05.20-да 36 жастағы пациент нәрестесін тастап, палатасынан қашып кеткен", - деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. 

"Босанған соң әйел абыржып жүрді", - деді оны перзентханада көрген адам.

Әйелдің денесі сағат 19:00-де перинаталды орталық маңында табылды. Ол өз-өзіне қол салған.

"Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Пинчук.

Әйел күйеуімен бірге үш ұл тәрбиелеген, төртінші сәби - қыз.

Оның туыстары таң атпай, далаға жіберген күзетке шағымын айтты.

Жаңалықтар
0