Қоғам

Алматы ауруханаларына 200 миллион теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қор өкілдері ақпараттық жүйеде "пациенттерге көрсетілді" деп жазылған 5,1 миллион теңгеден астам 240 қызметтің шын мәнінде көрсетілмегенін анықтаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы сарапшылары биылғы жылдың бірінші жартысында көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қатысты 4 мыңнан астам кемшілік анықтады. Нәтижесінде, медицина ұйымдарына 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиал директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Медициналық ұйымдарға салынатын айыппұлдардың мөлшері 200 миллионнан астам теңгені құрады. Жалпы, кемшілік саны мен сомасы жыл өткен сайын азайып келеді. Мысалы, биылғы сома өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 50 милион теңгеге кем", – деді Әбілдаев.

Айта кетейік, қор халыққа көрсетілген қызмет ақысын көмек сапасы тексерілгеннен кейін ғана төлейді. Ал жіберілген кемшіліктер негізінде салынған айыппұлдар өзге медициналық қызмет түрлеріне төленеді.

Қандай қателіктер жиі қайталанады

Бүгінде дәрігер қабылдауында болмаған адамды "болды" деп жазу мәселесі жұртшылық арасында өзекті болып тұрғаны рас.

"Әсіресе, бұл мәселе әлеуметтік желілерде жиі қозғалып жүр. Жарты жылда филиал мамандары ақпараттық жүйеде "пациенттерге көрсетілді" деп жазылған 5,1 миллион теңгеден астам 240 қызметтің шын мәнінде көрсетілмегенін анықтады. Емханалық-амбулаторлық көмекке жүргізілген мониторинг кезінде анықталған бұл кемшіліктер қаладағы 24 медицина ұйымына тиесілі. Дегенмен, өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе кемігені байқалады", – деді Әбілдаев.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

Оның айтуынша, қор қызмет көрсетуші клиникалар тарапынан жіберілетін мұндай кемшіліктерді анықтап, шара қолданады. Сол себепті де ұйым өкілдері азаматтарды осындай фактілер жайлы дер кезінде хабар беруге шақырады және пациенттер тарапынан ресми түрде жолданған әрбір өтініш жеке қаралатынын мәлімдеп отыр.

Жаңалықтар
0