Оқиға

Италияда қазақстандық туристер мінген яхта өртеніп кетті

© PhotoРоскошная яхта, иллюстративное фото
Роскошная яхта, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сардиния жағалауының күзеті өртеніп жатқан яхтадан 17 адамды, оның ішінде сегіз қазақстандықты құтқарды  

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жағалау күзеті Сардиния жағалауында өртеніп жатқан яхтадан 17 адамды құтқарды, деп хабарлады Euronews.

Италияның жағалау күзеті түсірген видеода Сардинияның Жерорта теңізі беткейінде отқа оранған яхтаны көруге болады.  

Жағалау күзетінің өкілдері кемеден 17 адам дер кезінде құтқарылғанын айтты.

Операцияға жағалау күзетінің екі қайығы мен тікұшақ жұмылдырылды.

Италиядағы жол апаты: ауруханаға түскен екі қазақстандық елге жеткізілді

ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 50 метрлік Lady MM яхтасы Каприден Сардинияға жүзіп бара жатқанда борттан өрт шыққан.

17 адам, оның ішінде сегіз қазақстандық турист және тоғыз экипаж мүшесі кемеден жағалау күзетінің қайығына ауысып отырды.

Жаңалықтар
0