Әлем

Қыркүйек айында Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші түрі шығады

© REUTERS / Anton VaganovСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Путиннің пікірінше, қауіпсіздігі мен тиімділігі жағынан ресейлік екі вакцина өзара бәсекелес болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қыркүйек айында Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші түрі пайда болады, деді Ресей президенті Владимир Путин.

"Бізде қыркүйек айында тағы бір вакцина пайда болуы тиіс. Егер "Спутник V" вакцинасын Гамалея институты зерттеп, ұсынған болса, маған жеткен ақпарат бойынша екінші препарат қыркүйекте дайын болады. Онымен Новосібірдегі әйгілі "Вектор" институты жұмыс істеп жатыр. Мен "Вектордың" мамандары адамдарға көмектесетін керемет дәрі жасап шығатынына сенімдімін", – деді Путин өзекті мәселелер бойынша Сергей Брилевпен болған "Россия 24" телеарнасындағы сұхбатында.

Ресей президенті вакциналар өзара бәсекелес болады деп санайды.

"Менің ойымша, олар қауіпсіздігі мен тиімділігі жағынан бір-бірінен кем түспеуі тиіс. Сондықтан да өзара бәсекелес болады", – деді ол.

Бұған дейін Ресей президенті коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін оның қызында антидене пайда болғанын айтқан.

Айта кетейік, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИК) мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қазақстанға жеткізуге келісті. Ал Қазақстанға жеткізілетін вакциналар партиясын РТИК-тің  халықаралық серіктестерінің бірі шығарады.

Оқи отырыңыз: Ресейлік ғалым коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленгенін айтып берді

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын Қазақстанға жеткізу жоспарланғанын және болашақта жеткізілім көлемі бес миллионға дейін ұлғайтылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Жаңалықтар
0