Әлем

Жаңа газ кен орны Түркияға не береді?

© AFP 2024 / Ozan KoseПара в масках на улице Стамбула, Турция
Пара в масках на улице Стамбула, Турция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жаңа дәуір бастауы", "бұл елді энергиялық тұрғыдан тәуелсіз етеді", "тарихи сәт" – Түркия билігі Қара теңізде табылған газ кен орны туралы жаңалықты осылайша жариялады

Құны 80 млрд доллар болатын үш жүз жиырма миллиард текше метр газ – ауыз толтырып айтарлықтай. Анкараның жақында Қара теңізде газ қоры табылғаны туралы мәлімдемесінен кейін сарапшылар өз бағасын беруге және макроэкономикалық болжам жасауға кірісті, деп жазады radiosputnik.ria.ru.

Түркия өз қажеттілігін жаба ма, әлде, кемінде өңірлік деңгейдегі экспорттаушы бола ма деген мәселе төңірегінде талқылау басталды. Бәзбіреулер "түрік ағынына" күмәнмен қараса, біреулер кен қазынасын игеру шығынын есептеп жатты.

Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды
Іс жүзінде барлығы әлдеқайда қарапайым тәрізді. Түркиялық Sözcü басылымындағы мақала авторларының бірі Рахми Туран мұнай немесе газ кен орнының табылғаны туралы сайлау алдында хабарлау дәстүрге айналғанын еске салады.

Кезекті сайлау 2023 жылы өтеді. Бір қарағанда, ауқымды пиар-науқан үшін әлі ерте секілді. Бірақ, билік дәл осы уақытқа қарай кен өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Сондықтан, үш жылдан кейінгі осы оқиғаға қатысты мақалалардың тақырыбы қазіргіден де дабыраға толы болмақ.

Түркия қазір "көгілдір отынның" шетелден жеткізілуіне толықтай тәуелді. Сондықтан, сайлау қарсаңында халыққа үміт сыйлаудың бағасы зор. Себебі, бұл елдің экономикалық проблемаларының басым бөлігінің шешімі іспеттес.

Sözcü басылымы мұнымен келіспейді: біріншіден, үш жылдың ішінде республика газды өндіру және қайта өңдеу процестерін ретке келтіруі екіталай. Екіншіден, алдағы жеті жылда өндіріс көлемі жылына 8-10 млрд текше метрді құрамақ. Бұл Түркия сұранысының бестен бір бөлігі ғана. Сондықтан, материал авторлары энергиялық тәуелсіздік қалыптасса да, ол жақын болашақтың еншісінде емес екенін айтады.

Әділдік пен даму партиясы билік еткен 18 жылдың ішінде түріктер жаңа табылған мұнайға 9 рет қуанып үлгерген. Алайда, кезекті сайлаудан кейін бұл ұмыт қала берген. Айта кетсек, сайлау алдындағы көмірсутекті дәстүр 65 жыл бұрын демократиялық партия көшбасшысы Аднан Мендерес премьер болған шақтан бері қалыптасқан, деп жазады басылым. Ол кезде газеттер "Фракияда мұнай кен орны табылды!" деген тақырыппен мақалалар жариялаған.

Жаңалықтар
0