НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Шымкент тұрғыны түймеге бекітілген видеокамераны сатып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқи отырыңыз: Көкшетау тұрғыны жасырын камера орнатылған үстел шамын сатпақ болған
18-20 тамыз аралығында республика көлемінде "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық шарасы өткізілді.
"Іс-шара барысында Шымкент қаласының тұрғыны жасырын ақпарат алуға арналған, түймеге бекітілетін видеокамераны сатып жатқаны анықталып, Абай ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - дейді полицейлер.
Аталған азаматтан айғақ заттар тәркіленіп, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 399-бабы 1-бөлігі (Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, өткізу) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.