Өңірлер

Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлаған сержант кім көмектескенін айтты

© Sputnik / Табылды КадырбековДуло автомата Калашникова. Архивное фото.
Дуло автомата Калашникова. Архивное фото. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келісімшарт бойынша жұмыс істеген сержант кінәсін мойындап, майордың қолдауымен ұрлық жасағанын хабарлады

АЛМАТЫ, 27 тамыз — Sputnik. Шымкент гарнизонының әскери сотында 2020 жылдың басында әскери бөлімнен рұқсатсыз кетіп қалған 25 жастағы Абылай Балғынбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, ол келісімшарт бойынша жұмыс істеген. Онымен бірге сот алдында тағы жеті адам жауап берді, деп хабарлады КТК.

Балғынбай қару ұрлығы, жарғы ережелерін бұзу, қаруды заңсыз иемдену және тапсыру, сондай-ақ, қашып кетті деп айыпталып отыр.  

Айыптау тарапының болжамына сәйкес, сотталушылар 13 қаңтардан 20 ақпанға дейін бір топта әрекет етіп, әскери бөлімнен бірнеше рет қару алып шыққан. Олар 29 АК-74 автоматын, 28 Макаров тапаншасын, бір травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді ұрлаған.

Абылай Балғынбайдан 26 тамызда жауап алынды, ол жауап беру кезінде шатасқандықтан, судья оның денсаулық жағдайын сұрады.

Келісімшартпен жұмыс істеген азаматтың айтуынша, ол әскери бөлімнен бірнеше рет қару алып шығып, сатқан. Айтуынша, бірнеше апта бойы майор Дәуітов қамқорлық жасаған. Тергеу кезінде Балғынбай бұл туралы тіс жармаған, сот барысында мұны айтуға қорыққанын жеткізді.

Сотталушы қылмыстан бірнеше күн бұрын майордың әскери бөлімнен 100 автоматты шығаруды ұсынғанын айтты. Осы сәтте қоймадағы кезекші Шорасұловтың тәжірибесі жоқ екенін ескеріп, Балғынбай қылмысты өзі жасауға бел буады. 19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні ол бөлімнен қару ұрлаған. Оған екі адам көмектескен. Сотталушы өз кінәсін мойындады.

Оқи отырыңыз: Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Тәжірибесі жоқ деп көрсетілген кезекші Шорасұлов куәгер ретінде қатысты.

"Сағат 23.00 шамасында Балғынбайға кілттерді тапсырып, ұйықтауға кірістім. Ол менің үшінші кезекшілігім еді, жұмыспен толық таныс емеспін. Кілттерді жарғы бойынша тапсырмағаным белгілі болды. Оянған соң Балғынбайды іздей бастадым. Ол штабта болмай шықты. Оның қылмысқа баратыны туралы ойлаған да емеспін, себебі ертеңіне комиссия келуі керек еді. Мен оны іздей бастадым. Сосын өзі қайтып келетін шығар деп күттім. Таңғы алтыда ол туралы басшылыққа баяндадым. Олар таңғы жетіде қару-жарақ тұрған бөлмені ашып, не болғанын түсінді", - деді ол.

Куәгер ретінде Балғынбайдың тікелей бастығы Омархан Әбдірамановтан да жауап алынды.

"Таңғы сағат 7 шамасында сержант Байбек маған қоңырау шалып, рота бойынша кезекші орнында жоқ екенін айтты. Ол кезде мен жұмысқа бара жатқанмын. Сол дивизион командирінің міндетін уақытша атқарушы майор Дәуітовпен бірге қару сақталатын бөлмеге кірдік, Балғынбайдың орнында жоқ екенін білдік", - деді ол.

Әскери бөлімнен қару ұрлау ісі

Түркістан облысында 20 ақпанда әскери қызметші, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін сержант Абылай Балғынбай әскери салаға қатысы жоқ 1995 және 1996 жылы туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша мен екі қару пышағын ұрлап, қашып кеткен. Ол сол күні кешке Алматыда ұсталды. Сот бұл істі қарауды тамызда бастады.

Жаңалықтар
0