Саясат

Назарбаев ядролық қаруға қатысты үндеу жолдады

© Официальный сайт президента Республики КазахстанНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Қазақстанда әлемдік державалардың басшыларының қатысуымен саммит өткізуді ұсынды, басты мәселе - ядролық қаруды қысқарту

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларының қатысуымен республикада халықаралық саммит өткізіп, ядролық қаруды кезең-кезеңімен қысқарту туралы көпжақты келісімді талқылауды ұсынды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев үндеуінде халықаралық қауымдастықты ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның үлгісімен жүруге және "ядролық ақылсыздықты тоқтату үшін күш біріктіруге" шақырған.

"Мен АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ басшыларының ғаламшардың болашағы үшін ерекше жауапкершілікте деп санаймын. Егер саммит осы төртжақты форматта өткізілсе, онда оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды кезең-кезеңімен және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуы керек деп сенемін. Қазақстан осы саммитке өз алаңын ұсынуға дайын", – деді Назарбаев өз үндеуінде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл үндеуін БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқып берді.

Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды

Айта кетсек, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болды.

"Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруға ерекше тарихи үлес қосқанын ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді", – делінген сыртқы істер министрлігі таратқан ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, бұл бастамаға Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі негіз болды. Сол кезде адамзат тарихында ядролық сынақтарға алғаш рет заңды түрде тыйым салынды. Осы тарихи шешім Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін белгілеуге себеп болды.

Жаңалықтар
0