Қоғам

Назарбаевқа чемпиондық атақ берілді

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруға ерекше тарихи үлес қосқаны ескеріліп, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруға ерекше тарихи үлес қосқанын ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді", - делінген ресми хабарламада.

Бұл бастамаға Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі негіз болды. Сол кезде адамзат тарихында ядролық сынақтарға алғаш рет заңды түрде тыйым салынды. Осы тарихи шешім Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін де белгілеуге себеп болды.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісін табыстады 

Айта кетейік, Финляндияның экс-президенті Тарья Халоненге де осындай мәртебе берілді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуі жарияланды. Оны Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқып берді.

Жаңалықтар
0