Саясат

Назарбаев Тоқаевпен кездесті – не туралы сөйлесті

© AP Photo Первый президент Казахстана, Лидер нации Нурсултан Назарбаев (слева) и действующий президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Первый президент Казахстана, Лидер нации Нурсултан Назарбаев (слева) и действующий президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының баспасөз хатшысы мемлекет басшысы мен Елбасы елдің дағдарыстан кейін даму мәселесін талқылағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарын талқылады.

Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаев партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстары мен алдағы партияның саяси кеңесі бюросы отырысының күн тәртібін қарады. Мемлекет басшысы мен Елбасы елдің дағдарыстан кейін даму мәселесін талқылады", деп жазды Үкібай.

Айта кетсек, 28 тамыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев 17 тамызда партияның саяси кеңесі бюросының отырысы 24 тамызда өтетіні туралы қаулыға қол қойған болатын. 

Кейін жиын 25 тамызға, бұдан соң 28-іне ауыстырылды.

Саяси кеңес бюросы немен айналысады

Саяси кеңес бюросы – партияның басқарушы органы. Ол съездер мен саяси кеңес отырыстары арасындағы кезеңде партияның жұмысын басқарады, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, бюро партия тізіміне енгізілген мәжіліс депутаты болуға кандидаттардың арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды, партияның саяси кеңесінің отырыстарын шақырады.

Сонымен қатар саяси кеңес бюросы мәжілісте депутаттық фракция құрады.

Жаңалықтар
0