Қоғам

Білім министрі: оқушылардың сексен проценті қашықтан оқиды

© Photo : Public DomainДети за компьютером
Дети за компьютером - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта 530 мың баланың ата-анасы кезекші сыныптарда оқуға өтініш білдірген, деп хабарлады министр

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында 2,6 миллион оқушы қашықтан оқитынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі деректерге сәйкес, оқушылардың 80 проценті, 2,6 миллион оқушы қашықтан оқитын болады. 15 проценті кезекші сыныптарға барамыз деп отыр. Ата-аналар да өтініштерін берді. Осы санаттағы оқушылардың саны 530 мың баланы құрайды", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, ауылдарда орналасқан шағын мектептер де сабақ өткізеді. Бірақ эпидемиологиялық жағдайға баса назар аударылады. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде барлық оқушының 5 проценті, яғни, 202 мың ауыл баласы мектепке барып, сабақ оқитын болады.

Айта кетейік, 1-4 сыныптар мектепте аптасына үш күн оқиды деген жоспар бар. Оффлайн форматта тек 3-4 негізгі пән ғана оқытылады. Қалғаны онлайн режимде өтеді.

Жаңалықтар
0