Қоғам

Аймағамбетов биыл 1 қыркүйек қалай өтетінін айтты

© Sputnik / Владислав Воднев1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева
1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, мектептегі шаралар 1-4 сыныптар үшін ұйымдастырылады. Ал қалған оқушылар онлайн форматта қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте мектепке баратын оқушылар үшін қандай шаралар өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде біз мектеп директорлары мен білім басқармаларына әдістемелік нұсқауларды жібердік. Әрине, 1 қыркүйек – білім күні өтеді, тиісті шаралар да өтеді. Себебі кезекші топтарға келетін балалар бар", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, мектептегі шаралар 1-4 сыныптар үшін ұйымдастырылады. Ал қалған оқушылар онлайн форматта қатысады.

"Әдетте қалай болды? 1 қыркүйекте балалар мектепке келетін. Сол жерде салтанатты жиын өтізіліп, ары қарай балалар сынып сағаттарына қатысатын. Осы жолы жиын өткізудің қажеті жоқ. Сондықтан сынып сағаттары ғана өтетін болады. Демек, кезекші топтар үшін сынып сағаттары ұйымдастырылады. Ал қашықтан оқитындар үшін ондай шара онлайн режимде өтеді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Бұған дейін министр оқушылардың 80 проценті, яғни 2,6 миллион бала қашықтан оқитынын жеткізген еді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 530 мың баланың ата-анасы кезекші сыныптарда оқуға өтініш білдірген. 

Жаңалықтар
0