Оқиға

Алматыда әйелді бірден екі көлік қағып кетті

© Sputnik / СтрингерДве автомашины сбили насмерть женщину в Алматы
Две автомашины сбили насмерть женщину в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Әйел алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Өзімен бірге құжаттары болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. Алматыда белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті.

Апат Майлин көшесінде болған. Volkswagen Golf және Toyota Mark 2 көліктері бір бағытта қозғалып бара жатқан. Әйел долды кесіп өтпек болған кезде Volkswagen жүргізушісі тоқтап үлгермеді. Соққы күшімен әйел Toyota-ға қарай ұшып кетті. 

Әйел алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Өзімен бірге құжаттары болмаған.

Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Жерүсті өтпе жолы апат орнынан небәрі 50 метр қашықтықта екені айтылып отыр.

Жаңалықтар
0