Қоғам

Қазақстанда мешіттер қайта ашылады

© Sputnik / Абзал КалиевМечеть "Хазрет Султан" на карантине во время Священного месяца Рамазан
Мечеть Хазрет Султан на карантине во время Священного месяца Рамазан  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 31 тамыздан бастап діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді, алайда жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді  

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар 31 тамыздан бастап мешіттер мен шіркеулерге бара алады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.  

Отырыста шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

"31 тамыздан бастап діни объектілердің қызметін қайта бастау туралы шешім қабылданды: жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді", - деп жазды Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Сондай-ақ мәдени, спорттық нысандар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне рұқсат етіліп отыр.

Комиссия шешім қабылдады: Қазақстанда тағы қандай нысандар ашылады

Айта кетейік, мешіттер мен шіркеулер коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында карантинге жабылған болатын.

Мамыр айында карантин жеңілдетілгеннен кейін діни нысандар аз уақыт жұмыс істеді. Шілдеде карантин тағы да күшейтілді.

14 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құзырлы органдарға мешіттерді карантин талаптарын сақтай отырып қайта ашуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, карантинге байланысты 2020 жылы Құрбан айт мерекесін онлайн режимінде өткізуге шешім қабылданған болатын. Ол 31 шілдеде басталып, үш күнге созылды. ҚМДБ құрбан шалуға онлайн тапсырыс беруге арналған сайт ашты.   

Жаңалықтар
0