Қоғам

Халықтың 20-25 проценті коронавируспен ауырып шықты – Бауыржан Жүсіпов

© Sputnik / Татьяна Макеева / Медиабанкке өтуПациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото
Пациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықтың үштен бір бөлігі коронавируспен ауырып шықса, эпидемияның таралу күші екі есеге азаяды, дейді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілі

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов коронавируспен ауырған қазақстандықтардың санына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін "Ғалымдар Aлаңы" онлайн жобасының пікірталас алаңында модератор ғалымнан коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны туралы сұрады.

"Меніңше, Қазақстанда халықтың 20-25 проценті коронавируспен ауырып шықты. Әрине, олардың басым бөлігі - басқа адамдармен араласқандар. Демек, әзірге иммундық қорғаныспен жүргендердің саны аз емес", - деді Жүсіпов.

Оның айтуынша, халықтың үштен бір бөлігі ауырып шықса, эпидемияның таралу күші екі есеге азаяды.  

"Меніңше, дәл қазір бізде халықтың 20-25 процентінде SARS-CoV-2 вирусына қарсы иммунитет бар", - деп атап өтті Жүсіпов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны қашан басталады – ұлттық орталық болжам жасады 

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республика бойынша 173 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, COVID-19-ға шалдыққандардың саны 105 075 адамға жетті. Коронавирустан 1 523 науқас көз жұмды.

Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 23 543 науқас анықталды. Ондай диагнозбен 268 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0