Аңдатпа

Қазақстанда 27 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" жаңа трансформация тұжырымдамасының нәтижелері туралы онлайн-брифинг. Спикері: "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ трансформация және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев. Аккредитация үшін байланыс: press@sk.kz, +7 700 545 02 01. Трансляцияға сілтемесі аккредиттелген журналистерге жіберіледі.

11.00 – Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплині кешенін салған "Тол-Құрылыс" ЖШС мен "Дан-Строй" АҚ қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесіне қатысты баспасөз конференциясы (іс-шара Алматы қаласындағы халықаралық "Сұңқар" кешенінде өтеді, әл-Фараби даңғылы 128/8).

28 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

06.00 – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында онлайн-жарыс және веложарыс. Саябақта белсенді демалысты қалайтын кез-келген ерікті спорттық шараға қатыса алады. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады (басталу уақыты жарыс қатысушыларының ыңғайына қарай 06.00 мен 21.00 аралығында өтеді. Тіркелу +77559472279, 87476191555, +77711660306)

29 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

16.00 – Еңбек сіңірген медицина қызметкері Нұрлан Батпеновті еске алуға арналған көрме (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).

30 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Конституцияның құрылымы мен тарихы" онлайн-экскурсиясы (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы.

11.00 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0