Әлем

Америкалық шенеунік әріптестерін қазақ қамшысымен қорқытты - тергеу жүргізілді

© Sputnik / Қарлыға БүйенбайҚамшы
Қамшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызметкерлер арыз түсіргеннен кейін шенеунікке қатысты тергеу шаралары басталды. Мамыр айында тергеу қорытындысы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ішкі қызметі қоластындағы қызметкерлерді қазақтың қамшысымен қорқытқан хаттаманың бұрынғы жетекшісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан The Washington Post сайтына сілтеме жасап.

Материалда АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіне қарасты хаттама басқармасының бұрынғы жетекшісі Шон Лоулер туралы жазылған. Оның қоластында жұмыс істеген қызметкерлер арыз түсіргеннен кейін тергеу шаралары басталды. Мамыр айында тергеудің есебі шықты. Оған сәйкес, Шон Лоулер қызметтік этиканы сақтамаған. Жұмыс кезінде қызметкерлердің намысына тиетін сөздер айтып, дауыс көтерген. Тіпті, адамды қорқытатын әрекет жасапты. Ал хаттаманың қазіргі жетекшісі Кэм Хендерсон мен оның орынбасары Мэри-Кэйт Фишер осы жайт туралы хабар бермеген. 

"Лоулер мырза қызуқанды болған, қағаздар мен папкаларды лақтырған кездері аз емес. Бірнеше қызметкер оның кеңседе қамшы сілтеп жүргенін жеткізіп, зардап шегіп қаламыз деп қорықты", - делінген тергеу есебінде.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Лоулер хаттама басшысы қызметінен босатылды. Ал маусым айында бюрода болған тәртіпбұзушылықтар жайында белгілі болды. Сол кезде Лоулердің кеңседе қамшы ұстап жүргені де жазылды. Баяндамада қамшыға қатысты деректер көрсетілген.

"Қамшыны Лоулерге Қазақстаннан келген делегация сыйға тартқан екен. Хендерсон мен Фишердің айтуынша, бұл қамшы атқа мініп жүруге арналған", - делінген The Washington Post мақаласында. 

Бюродағы бір қызметкер Хендерсонға қамшыға қатысты шағым де түсірген. Сол кезде ол қамшыны өз кабинетіне апарып қойған және Лоулерге оны ұстап жүруге болмайтынын жеткізді.        

АҚШ Мемлекеттік департаменті баяндамада көрсетілген уәждермен келіскен жоқ.

Хаттама жетекшісі кім

АҚШ-тың хаттама жетекшісі - мемлекеттік департаменттегі лауазымды тұлға. Ол мемлекеттік және халықаралық дипломатиялық хаттамаға байланысты президентке және мемлекеттік хатшыға кеңес беріп отырады. 

Елші және мемлекеттік хатшының көмекшісі деңгейіндегі тұлға.

Жаңалықтар
0