Қоғам

1 қыркүйекте Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента РК
Здание парламента РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламентінің қос палатасын шақыру туралы өкімге қол қойды

АЛМАТЫ, 25 тамыз — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 11-де шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.

Бұған дейін 30 маусымда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар демалысқа шығар алдында алтыншы шақырылымның бесінші сессиясының қорытындысы шығарылған болатын.

Оқи отырыңыз: Сенат төрағасы парламент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан парламенті екі палатадан – мәжіліс пен сенаттан тұрады. Мәжілісте 107 депутат болады, сенат құрамына әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан екі адамнан кіреді. Қазақстан президенті сенатқа қосымша 15 адамды тағайындайды.

Сенат сайлауы

Қазақстанда сенат сайлауы 12 тамызда өтті. Сайлау парламенттің жоғарғы палатасындағы 17 бос орынға 46 үміткер арасында өтті.

Сайланған 17 депутаттың ішінде бес әйел, 12 ер адам бар. Сайланған сенаторлардың орташа жасы – 55,5 жас. Дауыс беруді және сайлау қорытындыларын шығаруды 242 жергілікті және бес халықаралық бақылаушы қадағалады.

Жаңалықтар
0