Қоғам

Министрлік жыныстық сауаттылық оқулықтарына қатысты түсініктеме берді

CC0 / StockSnap / Ребенок читает книгу
Ребенок читает книгу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Оқулықтарды мектеп бағдарламасына енгізбес бұрын оның мазмұны сараптамадан өтіп, бірнеше кезеңде мақұлданатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жыныстық сауаттылық оқулықтары шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлеуметтік желіде тараған мәліметті жоққа шығарды. 

Instagram қолданушысы қазақстандық мектептерде жыныстық білім беруге арналған оқулықтардың суретін жариялаған болатын.

Автор жұртты egov.kz сайты арқылы кәмелетке толмағандардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау бойынша медициналық көмек ұйымдастыру ережелеріне қарсы дауыс беруге үндейді. 

"Шын мәнінде, иллюстрация 2010 жылы Ресейде басылып шыққан "Как я появился на свет" кітабынан алынған. Оның қазақстандық білім беруге еш қатысы жоқ. Бірақ ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады, ал көпбалалы ана Зиуар Жұманова бұл мәселені Тоқаев пен Назарбаевтың шешуін сұрады", - делінген StopFake сайтының ақпаратында.

Оқулықтар қалай бекітіледі

"Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев оқулықтарды мектеп бағдарламасына енгізбес бұрын оның мазмұны сараптамадан өтетінін айтып отыр.

"Бірнеше кезеңде мақұлданады. Мектеп мұғалімдері ғана емес, жоғары оқу орындарының оқытушылары да сарапшы ретінде тартылады. Сонымен қатар, дайындық барысында "Оқулық" сайтында жыл бойы қоғамдық талқылау жүргізіледі", - дейді ол.

Кітап авторлары өңірлік семинарларда өз жұмыстарын таныстырып, мұғалімдер қауымдастығының бағалауына ұсынады. Сараптамалық баға берілген соң, Білім және ғылым министрлігі бекіткен пәндер бойынша арнайы комиссия құрылады, ол оқулықтың мазмұнының оқу бағдарламаларына сәйкестігін анықтайды.

Жалған ақпарат таратқан үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны айтылып отыр.

Жаңалықтар
0