Қоғам

Бас санитар дәрігер қаулысына енгізілген өзгерістер жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневЖители Нур-Султана вышли на прогулку после ослабления карантина
Жители Нур-Султана вышли на прогулку после ослабления карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жолы өзгерістердің басым бөлігі шектеу шаралары кезінде ашылатын кәсіпкерлік нысандарға арналып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жарияланды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Рұқсат алу міндеті енгізілді 

Осы жолғы өзгерістердің басым бөлігі шектеу шаралары кезінде ашылатын кәсіпкерлік нысандарға арналып отыр. Атап айтқанда, қатаң карантиннен кейін өз қызметін қайта бастайтын нысандар міндетті түрде InfoKazakhstan.kz сайтында тіркеліп, рұқсат алу керек.

Басым бөлігі хабар беру тәртібі бойынша рұқсат алады, яғни, санитарлық ережемен танысқанын растап, өз жұмысын бастай береді. Ал бірқатар кәсіпкерлік нысандар арнайы тексерістен өтіп, санитарлық сәйкестігі туралы акт алуы шарт. Мұндай нысандар қаулы қасымшасында көрсетілген. Олар: 

  • тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілері (сауда базарлары) азық-түлік қоймалары;
  • көтерме және бөлшек сауда объектілері (азық-түлік емес базарлары);
  • сауда алаңы 2000 ш.м астам болатын бөлек тұрған дүкендер;
  • сауда алаңы 2000 ш.м астам болатын сауда ойын-сауық кешендері (орталықтары), сауда үйлері;
  • Әуежайлар және теміржол  вокзалдар;
  • пенитенциарлық (қылмыстық атқару) жүйедегі мекемелер.

Бас санитар дәрігер қосымшада кәсіпкерлік нысанның дайындығын бағалау актісін де көрсетті. 

Бұдан бөлек, азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектілеріне (сауда базарларына) қойылатын санитарлық талаптар да көрсетілген. Шарттармен мына жерде танысуға болады.

Кәсіпкерлер рұқсат қағазын қалай алады

Бұған дейін "Атамекен" палатасы 17 тамыздан бастап ашылатын кәсіпкерлерге онлайн тіркеуден өтіп, санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актіні алу қажет. Ол үшін InfoKazakhstan.kz сайты іске қосылды. 

"Атамекен" палатасы таратқан мәліметке сәйкес, кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігі тіркеуден өтіп, негізгі санитарлық нормалармен танысса да жеткілікті. Ал бірқатар нысандар тіркеуден өтеді. Сосын мобильді топтардың тексерісін күтеді. Содан кейін ғана ашылады. Олар:

  • сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері; 
  • азық-түлік сататын сауда орындары;
  • азық-түлік сатпайтын базарлар; 
  • балаларға арналған сауықтыру лагерьлері.

Тіркеу электронды цифрлық қолтаңба арқылы жасалады. Ал рұқсаттың электронды нұсқасын алғаннан кейін оны басып шығарып, кіреберіске іліп қою қажет. Қосымша сұрақтар болса, "Атамекен" палатасының "1432" байланыс орталығына хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0