Экономика

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан бөлінетін ақша қайда жұмсалады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәленовтің айтуынша, даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 триллион теңге нысаналы трансферт тарту ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2021-2023 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт мөлшері туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысының қарауына Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы және 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы жарлық жобасы ұсынылды.

"Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы – 2,7 триллион теңге, 2022 жылы – 2,4 триллион теңге және 2023 жылы – 2,2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр. Кепілдендірілген трансфертті әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 триллион теңге нысаналы трансферт тарту ұсынылды.

Осылайша, болжам бойынша түсімдер 2021 жылы – 11,4 триллион теңге, 2022 жылы – 11,8 триллион теңге, 2023 жылы – 12 триллион теңгені құрайды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 14 триллион теңге, 2022-2023 жылдар 13,9 триллион теңге шамасында болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк пен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, сонымен қатар, ұлттық экономиканы тұрақты және сапалы дамытуға бағытталған.

Жаңалықтар
0