Экономика

Қазақстанда 2021 жылы ЖІӨ 2,8%-ке өседі деп болжануда

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Министрдің айтуынша, номинал жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 триллион теңгені, ал 2025 жылы 104,8 триллион теңгені құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған үш ықтимал сценарийі әзірленді. Базалық сценарийде ЖІӨ нақты өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол сыртқы және ішкі жағдайларды ескеріп, Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценарийі әзірленгенін атап өтті. Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады.

"Базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6 пайызға жетеді", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, номинал жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 триллион теңгені, ал 2025 жылы 104,8 триллион теңгені құрайды.

Пандемия аясында биыл әлемдік экономика 4,9%-ке төмендеп, 2021 жылы 5,4%-ке дейін өседі деген болжам бар.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келе жатқанын айтты

2021-2023 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде мынадай болжамды параметрлер қолданылды:

ЖІӨ 2021 жылы 2,8, 2022 жылы 3,7 және 2023 жылы 4,6 процентке нақты өседі;

инфляция 2021-2022 жылдары 4-6%, 2023 жылы 4-5%-ды құрайды;

мұнай өндіру көлемі 2021 жылы 86 миллион тонна, 2022 жылы 89,6 миллион тонна және 2023 жылы 100,8 миллион тонна деңгейінде болады.

Консервативті тәсілді ескере отырып, 2021-2023 жылдары мұнай бағасы бір барреліне 35 доллар деңгейінде алынды.

Жаңалықтар
0