НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Qamqor.gov.kz веб-сайтының "Айыппұл туралы біліңіз" бөлімі әкімшілік іс бойынша іс жүргізу құжаттарын қарау қалпына келтірілді, деп хабарлайды бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті.
"Жеке деректерді қорғау үшін ақпарат eGov.kz электронды үкімет веб-порталында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS растау арқылы беріледі", – делінген хабарламада.
Толық ақпаратты мына сілтемеден көре аласыз.
Айта кетейік, Qamqor.gov.kz веб-сайты – бұл бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық қызметі.
Осы сайт арқылы полицияға арыз жіберіп, оның қай деңгейде орындалып жатқаны мен мемлекеттік органдарға шағымды тексеруге және іздеушілер тізіміне алимент өндірушілерді жіберуге болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жеке мәліметі желіде жарияланды - Бас прокуратура жауабы