Оқиға

Шығыс Қазақстанда локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуГрузовые поезда на железной дороге, архивное фото
Грузовые поезда на железной дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақсыбұлақ стансасында вагондар орнынан өздігінен қозғалып, №3471 пойызымен соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында қатты желдің салдарынан стансада тұрған жүк вагондары өздігінен қозғалып, жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызеті.

"2020 жылдың 25 тамызында 08 сағат 15 минутта Жақсыбұлақ стансасында қатты желдің салдарынан жүк вагондары өздігінен орнынан қозғалып, келіп қалған №3471 жүк пойызына қарай жылжып, соқтығысты", - делінген хабарламада.

Соқтығыс салдарынан 1525 километрде локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Балқаш, Ақтоғай стансаларынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары жөнелтілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның батысында пойыз аударылды 

Апаттың себеп-салдарын тексеру үшін оқиға орнына арнайы комиссия жолға шықты. 

Оқиға салдарынан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық" бағытындағы №54 пойыз уақытынан кешікті.

Пойыз жолаушыларын автобустармен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Жаңалықтар
0