Өңірлер

Каспий теңізіндегі құйын қазақстандықтарды таңғалдырды - фото

CC0 / pixabay.com / Смерч над морем, иллюстративное фото
Смерч над морем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл өте сирек құбылыс саналады. Соңғы рет Каспий теңізінде мұндай құйын 2011 жылы болғаны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Ақтауда Каспий теңізінде болған сирек құбылыс әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. 

"Қазгидромет" су құйыны әдетте тропикалық жақтарда болатынын айтып отыр. Климаты Қазақстан сынды елдерде сирек кездеседі.

"Мұндай құйын болуы үшін екі жағдай керек. Теңіз суы жылы және бұлттағы ауа суық болуы тиіс. Температура күрт өзгергендіктен, атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысым әртүрлі болады", – деді гидромет орталықта.

Мамандар құйынның ортасында қысым төмен болатынын айтып отыр. Сондықтан ол суды теңіз бетіне көтеріп алады. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асуы мүмкін.

Қазгидрометте құйынды болжау оңай емес екенін жеткізді. Өйткені оның мониторингі станциялар желісінің визуалды бақылау жүйесіне негізделеді. Мұндай жолмен тек құйынның бағытын ғана анықтауға болады.

Жаңалықтар
0