Әлем

Қазақстанда сотталған қырғыздың экс-депутаты бостандыққа шықты

© Photo : пресс-служба Жогорку КенешаДамирбек Асылбек уулу
Дамирбек Асылбек уулу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дамирбек Асылбек уулу 2019 жылы он жылға сотталып, Қырғызстанға экстрадицияланды. Молдовановка ауылындағы №27 түзеу колониясында жазасын өтеді

АЛМАТЫ, 24 тамыз — Sputnik. Контрабанда жасағаны үшін сотталған бұрынғы депутат Дамирбек Асылбек уулу мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан мемлекеттік жазаны орындау қызметіне сілтеме жасап.

"Асылбек уулу ісі бойынша сот отырысы 19 тамызда өтті. Мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің себебі журналистерге хабарланбады", - деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Дамирбек Асылбек уулу 2019 жылдың ақпан айында арнайы операция кезінде ұсталды. Асылбек уулу Қазақстан азаматты болды, сол себепті ол қырғыз парламенті депутаты мандатынан айырылды. Ол 2015 жылы "Қырғызстан" партиясынан депутат болған.

Бұрынғы депутатқа қандай айып тағылды?

Дамирбек Асылбек уулуна қатысты сот  процесі 2018 жылдың 19 қазанында басталды. Сот алдында Дамирбек Асылбек уулумен бірге тағы 11 адам жауап берді. Оларға экономикалық контрабанда жасап, трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастырды деген айып тағылды. Олар Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге тауарды заңсыз өткізумен айналысқан.

Топ мүшелері жалған құжаттарды пайдаланып, тасымалдауды жүзеге асырды және Алматыға дейін тауарларды қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етті.

Алматыда экс-депутат 10 жылға сотталды: адвокаттар үкімге шағым түсірді 

Он тоғызыншы қарашада тұтқындалған үш қырғыз азаматы Қазақстаннан экстрадицияланды.

Содан бері Жогорку кенештің бұрынғы депутаты Молдовановка ауылындағы № 27 түзеу колониясында жазасын өтеді.

Оның екі сыбайласы Петровка ауылындағы № 8 түзеу колониясына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, Жогорку Кенештің экс-депутаты Дамирбек Асылбек уулу Қазақстан Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалықтар
0