Өңірлер

Түркістан облысының 8 ауданында пневмонияға шалдыққандар түгелдей жазылып шықты

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуРабота российских врачей в больнице, архивное фото
Работа российских врачей в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандар саны 104 718 адамға жетті, 1 523 пациент көз жұмды. Түркістан облысында аурудың күндегі өсімі 0,3%

АЛМАТЫ, 24 тамыз — Sputnik. Түркістан облысының сегіз ауданының провизорлық емханасында пневмонияға шалдыққан науқастардың барлығы жазылып шықты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Созақ, Төлеби, Бәйдібек, Сайрам, Ордабасы, Шардара аудандары мен Мақтаарал ауданы, Мырзакент елдімекенінінің және Леңгір қаласының провизорлық емханаларында пневмонияға шалдыққан барлық науқас жазылып шықты. Қазір аталған емдеу мекемелеріндегі провизорлық төсек-орындар бос тұр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар індеттің өршуіне байланысты қосымша провизорлық госпиталь ашылған облыстық балалар ауруханасы мен тері-венерологиялық орталығы мен перзентханаларда да пневмониямен ауыратын науқастар шығарылды.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жалпы инфекциялық және провизорлық төсек-орындардың 70 пайыздан астамы бос тұр. Соған қарамастан, ауруханаларда қосымша төсек-орын қоры көбейтіліп жатыр.

Түркістан облысында аурудың күндік өсімі 0,3%-ті көрсетіп отыр.

Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандар саны 104 718 адамға жетті, 1 523 пациент көз жұмды.
1-24 тамыз аралығында 22 774 адам вирустық пневмонияға шалдықты, 258 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0