Қоғам

Қазақстанда 16 баладан Кавасаки синдромына ұқсас ауру анықталды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Риза Боранбаеваның айтуынша, індет басталғалы Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала індетке шалдықса, олардың 111-і – жаңа туған сәбилер

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2,5 мыңға жуық баланың 16-сында Кавасаки синдромына ұқсас ауру расталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы күндері қазақстандық аналардың коронавируспен ауырып шыққан балалардың Кавасаки синдромына ұқсас ауруға шалдығу жағдайына алаңдап отырғаны байқалады. Байбалам салудың қажеті жоқ. Елімізде балалардың Кавасаки синдромымен жаппай ауыру фактісі жоқ. Бұған ұқсас синдром коронавирус жұқтырған 2,5 мыңға жуық баланың тек 16-сында ғана анықталды", – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, олардың бәрі кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Науқастардың жартысы Кавасаки синдромына ұқсас аурудан толық емделіп шықты.

"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаеваның айтуынша, індет басталғалы Қазақстанда 2,5 мыңға тарта бала індетке шалдықты. Олардың 111-і – жаңа туған сәбилер.

Оқи отырыңыз: Министрлік Кавасаки синдромына шалдыққан балалардың жағдайы туралы айтты

Балалардың 80 процентінде коронавирус жеңіл және сипмтомсыз өткен. Тек, 20%-інің жағдайы орташа және ауыр болды. Негізінен, олар ауыр созылмалы ауруы бар балалар.

Балалар арасында коронавирустан қайтыс болғандар жоқ.

Жаңалықтар
0