Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 

© Photo : СС0 / Hermann Traub Наводнение
Наводнение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде су басқан көшенің видеосы тарап жүр. Оған қарағанда, су құбыры Еуразия ұлттық университетінің маңында жарылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Елорданың оң жағалауында жер қазу жұмыстары кезінде құбырға зақым келіп, көшені су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астана су арнасы" таратқан мәліметке сәйкес, Пушкин көшесінің бойында "СП КазГерСтрой" ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізген. Бүгін сағат 12.30-дың шамасында компания қызметкерлері су құбырын зақымдап алды.

"Соның салдарынан Д=900 мм болатын шойын су құбыры бұзылды. Қазіргі кезде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету шаралары атқарылып жатыр. Су таситын көліктің қай жерге келетінін 76-76-76 телефоны бойынша нақтылауға болады", - дейді компания мамандары. 

Олардың айтуынша, алдымен жарылған құбырдың суы тоқтатылады. Одан кейін жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде су басқан көшенің видеосы тарап жүр. Оған қарағанда, су құбыры дәл Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңында жарылған.

Пушкин көшесі университетке қарайтын екі оқу ғимаратының арасында орналасқан. Сол жерде Отырар кітапханасы да тұр.

 

Жаңалықтар
0