НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолындағы жолдың қарама-қарсы бағытымен жүрген көлік жүргізушісі алты айға дейін куәлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.
Видео Instagram әлеуметтік желісінде тарап кетті. Автор, абырой болғанда, мұндай жүргізушінің кесірінен апатқа ұшырамағанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Роликті Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі зерттеді.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рөлде 31 жастағы жүргізуші болғанын анықтады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал әкімшілік сотқа жіберілді. Жүргізуші жарты жылға дейін куәлігінен айырылуы мүмкін екені айтылып отыр.