Қоғам

25 тамыздан бастап оқушылар бірыңғай сабақтарға қатысады - білім министрлігі

© Sputnik / Владислав ВодневПланшет с видеоконференцией, дистанционное обучение
Планшет с видеоконференцией, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қашықтан өтетін сабақ мектептер таңдаған оқу платформаларын сынап көріп, балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. 25-28 тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігі хабарлады. 

Сабақ өткен материалды қайталап, жаңа оқу жылына дайындалу үшін 2-11 сыныптар арасында ұйымдастырылады.

"Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы - 20 - 40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген", - деді білім министрлігі.

2-4 сыныптарға 2-3 сабақ, 5-8 сыныптарға  – 3-4 сабақ, 9-11 сыныптарға – 4-5 сабақ өткізу ұсынылып отыр.

Бірінші және екінші күні, яғни 25-26 тамызда балалардың білімі тексеріледі. Сабақта бұған дейін өткен материал қайталанады. Тест пен жаттығулар жасайды.

Үшінші және төртінші күні, яғни 27-28 тамызда алғашқы екі күн нәтижесі бойынша жаттығулар беріледі.

Еске сала кетсек, 19 тамызда Қазақстан мектептерінде бірыңғай педагогикалық кеңес, ал 20 тамызда бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Білім күні тарихта алғаш рет онлайн өтеді.

Тағы оқыңыз: 2020-2021 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі

Жаңалықтар
0