Аңдатпа

Қазақстанда 24 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24-25 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

24 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - "Денсаулық министрлігінің өзекті мәселелері:COVID-19 және балалар" баспасөз мәслихаты. Спикерлер - министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов, педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева.

25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - Инфекциялық медицина қалдықтарын қауіпсіз жинау және зарарсыздандырудың пилоттық орталығы ашылады. Ол БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен қалалық фтизиопульмунология орталығының базасында құрылады. Спикерлер: денсаулық министрі Алексей Цой, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Азия даму банкінің өҚазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, БҰҰ Даму бағдарламасы департаментінің жетекшісі Арман Қашқынбеков (Өтетін орны: Нұр-Сұлтан ласы, ​А 1 көшесі, 5 блок Б, қалалық фтизиопульмунология орталығы.

15.00 – Мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн сайыс. Жарыс Конституция күніне орайластырылған. Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының тоғызқұмалақ федерациясы, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы (Сайыс www.playok.com сайтында өтеді).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0