НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. 2018 VP1 астероиды Жерге 2 қарашада жақындайды.
Мәскеу уақытымен сағат 18:33-те астероид Жерден 384 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді, деп хабарлайды РИА Новости НАСА-ға сілтеме жасап.
Аспан денесі Жерге қауіп төндірмейді.
Астероидтің ғаламшар атмосферасына кіру ықтималдығы небәрі 0,41%-ті ғана құрайды.
Астероид 2018 жылы 3 қарашада ашылған. Аспан денесі "Аполлон" тобына жатады.