Өңірлер

Маңғыстау облысында жасалған қылмыс туралы ақпарат жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер колония бойымен ені 2,5 метр болатын шұңқыр қазған. Сондай-ақ, қылмыс орнынан тез жасырынудың жолын тапты

АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында түзеу мекемесіне есірткі мен ұялы телефон жеткізген екі ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Олар қылмысты бүге-шүгесіне дейін есептеп, әзірленгені айтылып отыр, деп хабарлайды Lada.kz.

"Күдіктілер колония бойымен ені 2,5 метр болатын шұңқыр қазған. Сондай-ақ, қылмыс орнынан тез жасырынудың жолын тапты", - деді колния басшылығы. 

Алайда олардың жоспары жүзеге аспады. Телефон мен есірткі заттарын жеткізу оқиғасы анықталып, күдіктілер табылды.

Нәтижесінде облыстың екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар кінәсін мойындап отыр.

Бұдан бөлек, Ақтау соты жеткізуді ұйымдастырған үш сотталушыны ұстауға қатысты қаулы шығарды. Олардың жеке заттары мен жататын орындары тексеріледі.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Жаңалықтар
0